Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Солтүстік Кореяны зымыран жібергені үшін айыптап отыр

Қазақстан Сыртқы істер министрі Солтүстік Кореяның бұл ісін дұрыс емес деп, батыл айыптап отыр. Бұл мәлімдемені Сыртқы істер министрлігі бүгін жасады

Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 28 шілдедегі Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын батыл айыптайды, деп хабарлайды сыртқы істер министрілігінің ресми сайты. Мұндай-іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын өрескел бұзушылық болып табылады, әлемге қауіп төндіреді және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ушықтырады.

ҚХДР-ның жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер етеді, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық кұш-жігерге зиян келтіреді. ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырамыз.

ҚХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының қаупі бүкіл мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел түрде қайта бастау арқылы өзара тиімді шешімді іздестіру жөніндегі күш-жігерді жандандыруды талап етеді. Қалыптасқан жағдайдан шығу Солтүстік Корея билігінің арандатушылық іс-әрекеттерінен туындаған проблеманы күшпен емес, нақ келіссөздер арқылы шешуге болады деп есептейміз.

Следующая →