Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +9°
$
488.26
-0.19
530.54
+1.35
¥
68.59
5.03
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Сағадиев: латын қаріпіндегі қазақ әліпбиін жыл соңына дейін дайындау жоспарланған

Ағымдағы жылы арнайы жұмыс тобы латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің ең ұтымды нұсқасын дайындауы керек

Латын әріпіне көшуге келетін болсақ, бұл қателеспей, өте сақ болуды қажет ететін жоба. Ағымдағы жылы атқарылатын жалғыз шара, барлық әліпбиге ұтымды болатын бірнеше нұсқа дайындап, оларды талқылап, қабылдау керек, - деді Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен брифинг барысында.

Е. Сағадиевтің айтуынша, ары қарай қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу жоспары құрылатын болады.

Арнайы комиссия құрылды, қазір жұмыс жүргізуде, - дейді министр.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне қазақ әліпбиінен латынға көшу кестесін құруға бұйрық еткен.

Н. Назарбаевтың айтуынша, алдыңғы екі жыл ішінде латын әріпіне көшу бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстар жүргізу керек. Мұнымен қоса мемлекет басшысы, латынмен бірге кириллица қатар қолданылатынын айтты.

13 сәуірде Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен құрылған жұмыс тобы қазақ әліпбиін латын графикасына аудары жұмыстарын бастап кетті.

Следующая →