«Касперский лабораториясы» тегін антивирус шығарды
«Касперский лабораториясының» бас директоры Евгений Касперский дербес компьютерлерді қорғауға арналған жаңа антивирустық бағдарламаның шыққанын айтты
Касперскийдің сөзіне қарағанда, компания бүкіл әлемге тегін тарайтын бағдарлама жасақтауға шешім қабылдаған. Жаңа тегін бағдарламаның атауы «Kaspersky Free» деп аталады.
Бұл бағдарламаны жасап шығуға бір жарым жыл уақыт кеткен. Ұзақ уақыт жасалған бағдарлама болса да бұл антивирус ақылы бағдарламалармен деңгейі бірдей.
Антивирус бағдарламаларын жасаушы компания интернет қолданушылардың ақылы антивирустарды көп сатып алмайтындығын айтады.
- Адамдардың көпшілігі 2 мың рубльге (11 мың теңгедей) антивирус сатып алатындай қаражаттары жоқ. Оның орнына арзан, сапасыз бағдарламаларды сатып алады. Бұл бағдарламалар компьютерлерді қорғай алмайды. Оның орнына премиальды антивирустың рөлін атқаратын бағдарлама жасап беріп отырмыз, - дейді Касперский.