Қазақстанда ішкі миграцияны тіркеу ережелері өзгерді
Енді қазақстандықтар жаңа орында бір айдан артық өмір сүруді көздесе уақытша тіркеулуге міндетті
ҚР Үкіметінің қаулысымен ішкі миграцияны тіркеу ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Миграциялық қызмет комитеті.
Қаулымен уақытша өмір сүретін орннындағы тіркелу тәртібі нақтыланды. Уақытша тіркелусіз тұратын уақыт мерзімі қысқартылды – үш айдан бір айға, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» мемлекеттік бағдарламасының сайты.
Осылайша, егер азамат уақытша тұрақтау орнында бір айдан артық қалуды көздесе, келген күнінен бастап он күн ішінде ішкі істер органдарының есебінде тіркелуге тиісті.