Туризм байланысы нығайды
«Атамекенде» Өзбекстанмен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында хабарланғандай,«Атамекенде» Өзбекстанмен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
23 маусымда Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мен Өзбекстанның Жеке меншік туристік ұйымдар қауымдастығының төрағасы Набижон Касимов кездесті. Сонымен қатар туристік нарық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында туризм саласындағы екі жаққа тиімді серіктестік талқыланып, бірлескен турпакеттер мен екі елдің көрікті жерлерін таныстыру, трансшекаралық, медициналық туризмді дамыту, туризмнің әлемге танымал түрі – керуендікті (караванинг) дамыту, Ұлы Жібек жолы бойымен сапар бағытын дайындау, екі ел арасында ақпараттық алмасуды күшейту мүмкіндіктері қаралды.
Жүздесу соңында туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Осы меморандум аясындағы жүзеге асырылатын жұмыс жоспарын дайындауға келісім жасалды.
Следующая →