Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ІІД Аягөз АІІБ-да қаза болған азаматты үш сағат ұстағандығын жоққа шығарды

Тәртіп сақшылардың сөзіне сүйенсек, жол жүру ережелерін бұзған жүргізуші полиция бөліміне барып, артынша сол полиция бөлімінде көз жұмған

Айта кетейік, қайғылы жағдай 18 маусым күні аягөз аудандық ішкі істер бөлімшесінде орын алған.

Полиция қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, Toyota автокөлігін тізгіндеген 53 жасар Үржар ауданының тұрғыны бір бағытты қозғалыстың қарсы бетіне өтіп кеткен. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін жүргізушіні жол полициясы қызметкерлері тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырған. Жүргізуші тағылған айыппен келіспей, тәртіп сақшыларынан бейнедәлел келтірулерін талап еткен.

- Жүргізуші мен тәртіп сақшылары бұл оқиға тіркелген АІІБ Шұғыл басқару орталығына аттанған, - деп мәлімдеді ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Дулат Қазақпаев. - Бейнежазбаны көргеннен кейін жүргізуші тағылған айыппен келісіп, түсініктеме жаза бастаған. Дәл сол сәтте ол өзін нашар сезініп, есінен танған. Полиция қызметкерлері алғашқымелициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жәрдем бес минутта жеткен. Барлығы 20-30 минуттың айналасында ғана орын алған. 8.45-те көлікті тоқтатып, 9.30-да АІІБ-ға жеткізілген болса, 9.59-да жедел жәрдем көлігі шақыртылған. Бұның барлығы тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та ер адамды ішкі істер бөлімшесінде үш сағат бойы ұстағандығы туралы ақпарат тараған.

Тәртіп сақшылары мәлімдегендей, сот медициналық сараптама нәтижесі 53 жасар азамат жүрек ищемиялық ауруынан көз жұмғандығын көрсеткен.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір тәртіп сақшылары қайғылы оқиағның мән-жайын анықтауда.

Сонымен қатар, жол көлік ережелерінің бұзылғандығы мен жүргізушінің мезгілсіз өлімі тіркелген бейнежазба қылмыстық іс материалдарының арасында бар. Алайда тергеу жұмыстарына байланысты оны қазіргі таңда жариялауға рұқсат жоқ. Алайда марқұмның жақындары Аягөз аудандық полиция бөлімшесінен аталмыш жазбалармен таныса алады.

Следующая →