Қазақстан мен Доминикана мемлекеттері арасында ынтымақтастық орнады
Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесу өткізді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
«Қазақстан-2050» сайты хабарлағандай, кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі М.Варгасқа таяу арада EXPO-2017 шеңберінде өткізілетін энергетика министрлерінің бірінші конференциясы және Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум туралы айтып өтті.
Конфренция және Форум жұмысына 78 елдің өкілдері, сондай-ақ 20 елдің министрлері қатысады деп күтілуде.
«11-17 маусым аралығында Астанада Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін іске асыру бойынша пікір алмасу орнайды деп күтудеміз. Сонымен қатар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ-ның 70-ші сессиясында атап өткен бастамасын іске асыру мақсатында 11 маусымда Астанада Жасыл технологияларды дамыту бойынша халықаралық орталықтың және БҰҰ аясында инвестициялық жобалардың ашылуы жөнінде жарияланады», - деп атап өтті энергетика министрі Қ. Бозымбаев.
Өз тарапынан Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі М.Варгас әлемдік қауымдастық үшін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өткізілуінің маңыздылығын, ал энергетика және «жасыл экономика» саласындағы жетістіктермен алмасу барлық қатысушы елдер үшін энергияны үнемді және тиімді пайдаланатын технологияларды дамыту тұжырымдамасын қалыптастыру бағалы тәжірибе болады деп айтып өтті.
Кездесу барысында тараптар Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар көмірсутектерді барлаудағы, өндірудегі, тасымалдаудағы, қайта өңдеудегі, сақтаудағы, бөлісудегі және коммерциялаудағы бірдескен жобаларды зерделеуге, әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ энергетикалық сектордағы мемлекттік саясатты бұдан әрі дамыту үшін тиімді байланыстарды құруға келісті.