Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің сьезі 2018 жылы Астанада өтеді
2018 жылы Астана қаласында өтетін әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің VI сьезін өткізу күні анықталды
- Бізде екі күн бар, бірі 5-6 қыркүйек немесе 10-11 қазан. Тамыз кезінде еңбек демалысы және қыркүйек айының басындағы сьез дайындығына уақыт тым тығыз болады. Мен қазан күндеріне ден қоямын. Егер сіздер қарсы болмасаңыздар 10-11 қазан күндерін бекіте алар едік, - деді Қазақстан сенатының спикері, сьез секретариатының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бейсенбі күні өткен секретариаттың XVI отырысы барысында.
Хабарлағандай, 2016 жылдың шілде айында өткен секретариат отырысы барысында әлемдік дін жетекшілерінің VI сьезі «Дін жетекшілері әлем қауіпсіздігі үшін» деген ұран аясында өтетінін белгілеген.