Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тастанды балалар саны төмендеп келеді

Өскемен қаласындағы балалардың аурушаңдығы, әлеуметтік жетімдік пен қалаусыз жүктілік тақырыптары кең талқыланды

ШҚО Денсаулық сақтау бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Татьяна Чернышова, Өскемен қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова мен мамандар тобы Ана мен бала орталығына, Өскемен қаласының мамандандырылған Бөбек үйіне және Ана үйіне рейд өткізді.

- Тастанды балалар саны жыл сайын төмендеп келеді. Былтырғы жылы 19 бала тіркелсе, олардың бесеуін ата-аналары қайтарып алған болатын. Қалғандары бөбек үйіне орналастырылды, - дейді Сергей Попов. - Балалардың ата-аналарымен көптеген жұмыстар жүргіземіз. Тастанды балаларды осы жерде бір ай асырап, күтеміз, емдейміз. Ал аналарға ойлануға уақыт беріледі. Олармен психологтар әңгімелеседі. Бұл әдіс ұзақ жылдардан бері жетілдірілген, сондықтан жұмыс барысына үлкен мән береміз.

2015 жылы 29 бала қабылданған болса, былтырғы жылы тіркелгендердің саны екі есеге төмендегені байқалады. Ана мен бала орталығының қызметкерлері көптеген психологиялық тәсілдерге жүгінеді. Мысалы, аналарға баласын емізіп көруді ұсынады. Себебі, кейбір аналар бұдан да бас тартатын көрінеді. Қызметкерлердің айтуынша аналардың көбі 18 жастағылар екен.

Бөбек үйіне түсетін жетімдер саны да айтарлықтай азайған. Қазіргі таңда бұл мекемеге 80 бала орналастырылған.

- Мұндағы балалар саны соңғы жылда 4 есеге төмендеген, - дейді Бөбек үйінің жетекшісі Гүлнар Даниярова. - Балалардың көбі шала туғандар. Салмақтары бір киллограмға жетер-жетпес болады. Ана мен бала орталығы оларды екі киллограммға жеткізіп бізге тапсырады. Кейбір балалар емін осы жерде ары қарай жалғастырады. Алматыға, Санкт-Петербург қалаларына ота жасатуға апарып тұратын кездер болған.

Кейбір аналар балаларын күтіп, бағатын мүмкіндігі болмағандықтан тастап кетіп жатады. Екі оттың ортасында жүрген аналарға қазіргі таңда Ана үйі қолдау көрсетеді. Әлеуметтік жетімдікті төмендетуге бағытталған бұл жобаның ерекше екенін айтпаса да түсінікті.

- Қазіргі таңда бұл үйде 9 ана балаларымен бірге өмір сүреді. Аналарымен бірге бұл жерде бір жыл тұратын болады. Ал анасы да жетімдер үйінен шыққан болса, бір жарым жылға қалады, - дейді Ана үйінің үйлестірушісі Наиля Оңғарбаева. - Оларға басқа жерде қолдау жоқ. Анасы мен баласы осында тұрған уақыт аралығында өте ауқымды жұмыстар жүргіземіз. Себебі, олардың бұл үйден кеткеннен кейін қайда баратыны, қандай өмір кешетіні алаңдаушылық тудырады.

Жас аналар бұл үйде әлеуметтік өмірге бейімделуге үйренеді. Олар бақшада жеміс-жидектер отырғызып, үйде тігін тігумен айналысады. Мұнда жалғызбасты аналардың мұң-шерін тыңдап, қолдау көрсететін психологтар да бар.

Айдос Мырзахметов

Следующая →