Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мемлекет заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алады

10 сәуірден бастап ішкі істер органдары тұрғындардан заңсыз сақталып келген қару-жарақтарды сатып алу акциясын қайта бастайды

Бұл акция заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еркімен қайтару ережесіне сәйкес жүргізілмек. 

- Ішкі істер басқармасы халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу  акциясын бастады, - деді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова. 

Қаруды өз еркімен қайтарған тұрғындарға республикалық бюджеттен 6 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төленеді. Яғни, жарылғыш заттың 1000 грамы үшін 6 АЕК, граната, мина, снарядтарға 7 АЕК, травматикалық қаруларға 10 АЕК,  тегіс ұңғылы қаруға 30  АЕК, тапанша мен ойық тапаншаларға 40 АЕК, аңшылық ойық мылтықтарына 50 АЕК, автоматты қаруға 100 АЕК және тағы басқа қарулардың санатына байланысты беріледі.

Төлемдер қарудың жай-күйіне, техникалық жағдайына байланысты белгіленеді. 

Қару-жарақтар жергілікті ішкі істер органдарында қабылданатын болады. Сонымен қатар, қаруларды өз еркімен тапсырған тұрғындар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

Акцияға қатысты қосымша ақпаратты Қабанбай батыр к., 152 мекенжайында орналасқан Өскемен қалалық ІІБ-ның №102 және №207 кабинеттеріне барып, не болмаса 23-27-16, 23-27-31, 23-27-86 нөміріне хабарласу арқылы алуға болады. 
Следующая →