Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР бас прокуроры жастарға арнайы курстардан өтпей үйленуге тыйым салуды ұсынды

Tengri News сайты хабарлағандай, ҚР бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандық жастарға арнайы курстардан өтпей, некеге тұруға тыйым салуды ұсынған

"Жастар бір-бірін сүйіп, үйленіп жатады. Отбасылық өмірде бастапқыда барлығы жақсы, ал уақыт өте келе жанжал басталып, қол жұмсауға дейін барады. Жастардың көбі отбасылық өмірдің бақыты неде екенін білмейді. Сондықтан некеге тұру үшін арнайы курстан өту керек. Жастар ол курстан өтпейтін болса, оларға үйленуге де рұқсат бермеу керек. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде Сауд Арабиясы, Малайзия, Италия, Латвия елдерінде қолданылып келеді", - деді Асанов Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиянның кеңейтілген отырысы барысында.

Осыған дейін ҚР бас прокуроры Жақып Асанов отбасында ерлерді тәрбиелеуге қатысты проблемаларға тоқталған еді. Сондай-ақ, Жақып Асанов әйелі мен балаларын ұрып-соққан прокурор жайлы бір оқиға айтып берген болатын.
Следующая →