Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Конституциялық реформаны талқылаулар қорытындыланды

Өскеменде билік өкілдерінің қатысуымен конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік  хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев, ҚХА мүшесі, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Лео Шик, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит, «Нұр Отан» партиясының, Әділет департаментінің, прокуратураның өкілдері мен кәсіби медиаторлары қатысты. Жиынды ашқан Асқар Қисаұлы «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын қабылдау барысында конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізілгендігін атап өтті. - Республика бойынша он мыңнан астам кездесулер өткізіліп, оған екі миллиондай халық қатысты. Тек Шығыс Қазақстанның өзінде 100 мың адамды қамтыған үш мыңға жуық іс-шара өткізілді. Облыс тұрғындарынан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, оны демократияландыруға байланысты жүздеген ұсыныстар келіп түсті. Бұл шығысқазақстандықтардың өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтын саяси белсенділігін байқатады, - деді Асқар Нұрғазиев. Әрі қарай сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Камалов Қазақстан азаматтары тарихи сәттің куәсі болып отырғандығын баса айтты. Оның ойынша биліктің бөлігін Парламентке беру Үкімет қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілікті ұлғайта түседі. Ал бұл өз кезегінде ел жағдайының жақсаруынан көрініс таппақ. - Конституциялық реформаны талқылаудың бір айға созылған үлкен кезеңі аяқталды, - дейді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит. - Сарапшылар, заңгерлер, қоғамдық ұйым көшбасшыларының қатысуымен үлкен жұмыстар жасалды. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау жұмыстары қоғамның түрлі тобын қамтыған диалогтік алаңдарда талқыланды.
Следующая →