Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемендік ҰОС ардагері - 90 жаста

Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Ключников мерейлі 90 жасқа толып, қалалық билік тарапынан құттықтау алды

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нің басшылығы Павел Пантилеевичті туылған күнімен құттықтап, үйіне барып қайтты. Қонақтарды жылы қарсы алған мерейтой иесі өзінің соғыс жылдары бастан кешкен тарихымен бөлісті. Торқалы тоқсанға аяқ тіресе де ақылы мен ойы әлі тың қария Самар ауданы, Песчанка ауылының тумасы. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Ленин атындағы колхозда жұмыс істеген. - 1944 жылы 3 желтоқсанда самарлық әскери комиссариатпен майданға жөнелтілдім, - деп еске алады Павел Пантилеевич. - Уфа қаласында мергеннің мектебін бітіріп, байланысшы болып қызмет еттім. Жеңіс күнін Уфа - Қиыр Шығыс бағыты бойынша жолда қарсы алдым. Артынша қайтадан Жапониямен соғысуға майданға аттандырды. Тек 1951 жылы ғана әскерден босап еліме оралдым. Айта кетейік, ардагер 2-ші санаттағы Ұлы Отан соғысының ордені, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сан жылдық сұм соғыстың ортасынан аман оралған жерлесіміз механикалық цехтың токарі болып жұмыс істеп, 1988 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққан. Елге оралған соң өмірлік жарын жолықтырып, отбасын құрған. Бүгінгі күні тыл еңбеккері Раиса Павловнамен отауласқанына алпыс жылдан асқан. Жарасымды жұп жастарға отбасының іргесін берік ұстауды ақыл етіп отырады. - Екеуіміз бірге көпті өткердік, - дейді ардагердің жұбайы. - Түрлі қиындықтарға қарамай әлі де бірге келе жатқанымыз сыйластық, шыдамдылық пен бір-бірімізді кешіре білетіндігіміздің арқасында. Жарым «сен өмір бойы маған қамқор болып келесің, сен менен бұрын бақилық болсаң, мен өмір сүре алмаймын» деп отырады.
Следующая →