ҚР Үкіметіне мемлекеттік бағдарламаларды нақтылау құзыреті берілді. Бұл туралы Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді
ҚР Үкіметіне мемлекеттік бағдарламаларды нақтылау құзыреті берілді. Бұл туралы Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді
«Үкіметке мемлекеттік бағдарламалар мен қаржыландырудың бірыңғай жүйесі, мемлекет бюджеттендіретін барлық органдар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу құзыретін үкімет беру ұсынылды. Бұл шешімді Үкімет Елбасымен кеңесіп қабылдайтын болады», - деді Ә.Жақсыбеков.
Оның айтуынша, жоба Мемлекет басшысының Үкімет актілерінің құзыреті мен Премьер-Министрдің қызметін тоқтата алмайды, барлық актілерге жауапкершілікті Үкімет өзіне алады.
«Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлген кезде облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін Президент тағайындамайды.«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасы қабылданатын болса, облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін Парламент депутаттары дауыс беру арқылы тағайындайды», - деді Ә.Жақсыбеков.
Ол айтып өткендей, Мемлекет басшысы қажетті, өзекті мәселелер талқыланатын Үкімет отырыстарына қатысады.
«Үкіметтің құрамын жасақтау барысында премьер-министр Мемлекет басшысының қарауына үміткерлердің тізімін ұсынады. Алайда алдымен Парламентпен кеңесуіне тура келеді. Ал сыртқы істер және қорғаныс министрлерін Президенттің өзі тағайындайды. Дегенмен Конституциялық реформалар аясында маңызды бір норма бар. Яғни Үкімет өз өкілеттіліктерін жаңадан сайланған Президенттің алдында емес, жаңадан сайланған Парламенттің алдында тапсырады», - дейді Президент Әкімшілігінің жетекші Әділбек Жақсыбеков.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының құзыретінен заң жобаларын шұғыл қарауда жариялау құқығы алынады.
«Президенттің заң жобаларының қаралуын басымдылықтар бойынша қарау құқығы бар, олар екі ай ішінде қабылдануы керек», - дщеді Ә.Жақсыбеков.