Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да еңбек нарығын модернизациялау басталды

Елбасының «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үшінші кешенді тапсырма нарықты модернизациялау деп көрсетті

Осыған орай өңірде өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкеріктің жаңа бағдарламасы енгізілмек. 

  - Бағдарламаның басты мақсаты – өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, жұмыссыз және жұмысқа орналасуға біліктілігі жетпейтін азаматтарды тарту, - деп мәлімдеді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елена Старенкова. - Ол үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. 

Алғашқы бағытта мектеп бітіргесін жоғарғы оқу орындарына түспей қалған жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша 2,5 жыл уақыт колледж базасында тегін оқыту қарастырылған. Ал екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлік үшін барлық жағдайды жасау көзделген. Мәселен, азаматтарға 6 пайыздық өтемақымен 7 жылға дейін 16 млн теңге көлемінде шағын несие беріледі.

- Мектептен кейін білімін жалғастырмаған азаматтарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және қайта оқыту бойынша 1730 адам қамтылмақ.  29 жастан асқан азаматтар үшін қысқа мерзімді курстар ашылады. Одан 1500 адам өтуі мүмкін.
Үшінші бағыт бойынша азаматтарды қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі арқылы жұмыспен қамтудың белсенді формасына тарту, сонымен қатар жұмысшылар жетпей жатқан аймақтарға еңбек жұмыс күші мол аймақтардан адамдарды көшіріледі, - дейді Елена Старенкова.

Айта кету керек, облыста «Өрлеу» бағдарламасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған. Сонымен қатар бұрын мемлекеттен жәрдем алушылар тізімінде болған еңбекке жарамды адамдар саны алты пайызға кеміген. 
Жаңа формат бойынша атаулы әлеуметтік көмек кірісі күн көріс минимумынан  50%-дан аз отбасыларға беріледі. Онда да шарт бойынша отбасы мүшелерінің бірі еңбекке жарамды болуы керек.


Назерке Кәрімова
Следующая →