Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда COVID-19 бойынша аймақтар анықталды

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 054 450 адам, екінші компонентін - 7 167 091 адам алған

Новости Казахстана / Медицина в Казахстане / Зоны по COVID-19 по-новому распределились в Казахстане
Фото:
В.Иванов / Устинка LIVE

COVID-19 таратпау жөніндегі агенттік Қазақстан аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың 19 қазандағы бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Алматы, Атырау (кеше «жасыл» аймақта болды), Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

ҚР Премьер -Министрінің ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Барлық аймақтарда аурушаңдық деңгейі, ауыр жағдайлардың саны, стационарлық және амбулаторлық емделушілер саны айтарлықтай төмендеді.

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 мың 387 жағдайы тіркелді. 46 науқас қайтыс болды, 1 мың 910 адам коронавирустан емделді. Сондай-ақ, елімізде тәулігіне коронавирустық пневмонияның 9 жағдайы анықталды. 19 қазандағы жағдай бойынша 52 225 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде: ауруханаларда - 9,130 науқас, амбулаторлық деңгейде - 43 095 науқас. Ауыр жағдайда - 627 науқас, өте ауыр жағдайда - 168 науқас, тыныс алу аппаратында - 96 науқас.

Следующая →