Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы
29 жыл бойы 18 қазан - Рухани келісім күні деп аталып келеді
Тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі - қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған негіз болған 29 жыл бойына 18 қазан күні атап өтілетін Рухани келісім күні!
Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Рухани келісім - бірлік пен тұрақтылыққа аппаратын жол" атты шара өтті.
Бұл күн Қазақстанда 29 жыл бұрын бекітілген. Сол кезде 1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өтті. Оның қатысушыларымен манифест қабылдады. Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат - еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату. Бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие.
Шараның құрметті қонақтары - партия, діни, этномәдени бірлестік жетекшілері мен өкілдері және жастар. Жиын барысында дін өкілдеріне сөз берілді. Сөз барысында имамдар халық арасында береке-бірлікті арттыру, адамның рухани байлығының маңыздылығына тоқталды.
Біздің еліміздегі дінаралық татулық тікелей Елбасы саясатының жемісі. Біз өкілдік тарапынан Өскемен өңірінде дінаралық тұрақтылықты сақтауды басты орынға қойып, рухани келісімге барынша мән беріп келеміз, - дейді Өскемен қалалық Мұхамади мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы.
Іс-шара барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.
Шара сонында халық арасында бірліктің нығаюына, ырыстың артуына үлесін қосып жүрген бірқатар дін өкілдері: Өскемен орталық мешітінің наиб имамы Арман Томантаев, Халифа Алтай облыстық мешітінің іс басқарушысы Берік Қадыров, Епархия басқармасының хатшысы, Өскемен қаласы Әулие Андреев кафедралдық соборының клиригі Илья Кван, Шығыс Қазақстан Евангельдік Христиан баптистері" орталық шіркеуінің пасторы Констатин Косатов, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктісі Владислав Колмаков Өскемен қаласындағы конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан зор үлестері үшін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың атынан алғыс хат және естелік сыйлықтармен марпатталады.