Қазақстанда COVID-19 бойынша "сары" аймақ кеңеюде
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 857 255 адам, екінші компонентін-1 753 969 адам алды
23 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі Covid-19 таратпау жөніндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ВАК жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта Нұр-сұлтан қаласы орналасқан.
"Сары" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау (кеше "жасыл" аймақта болған) облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО.
Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймақта. Өткен тәулікте елде ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 248 жаңа жағдайы тіркелді (пандемия басталғаннан бері барлығы 411 мың 771), 12 адам қайтыс болды (барлығы 4 мың 261), 1168 пациент коронавирустан қалпына келді (барлығы 387 мың 295).
Сондай-ақ, Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустық пневмониямен сырқаттанушылықтың 81 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы 56 мың 627), бір науқас қайтыс болды (барлығы 3 мың 431).
ВАК ақпараты бойынша, 23 маусымда КВИ-дан 21 449 адам (20 215 КВИ+ және 1 234 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
Следующая →

- стационарларда – 6 325 пациент,
- амбулаториялық деңгейде – 15 124 пациент жатыр.
- КВИ+ және КВИ науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 413 пациент,
- аса ауыр халде – 95 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 66 пациент жатыр.
- Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалуда: соңғы аптада КВИ ауруының өсуі 43%-ды құрады, төсек-орын жүктемесінің жоғары болуы және ауруханаға жатқызылатын науқастардың көбею үрдісі байқалады, - деп хабарлады ВАК.Отырыста денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы қаланың медициналық ұйымдарында эпидемияға қарсы режим бұзылғанын, КВИ науқастарына медициналық көмекті уақтылы және сапасыз көрсету фактілері, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысының әлсіреуі және халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. Мәселен, биылғы жылдың мамыр айында сәуірмен салыстырғанда елорда бойынша КВИ-ға қарсы вакцинациямен халықты қамту 50%-ға төмендеді.
- Анықталған барлық кемшіліктер бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта мерзімде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлады ВАК. - Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болады.
Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане "Желтая" зона по коронавирусу МВК по нераспространению COVID-19 Министерство здравоохранения РК