Венгрия Еуроодақ елдерінің ішінде бірінші болып қазақстандық вакцинация паспортын мойындады
Иммундау сертификаттарының болуы екі елдің азаматтарына Қазақстанға және Венгрияға шектеу шараларынсыз кіруге кепілдік береді
Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов пен Венгрия Мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Барани екі ел арасындағы вакцинация сертификаттарын / паспорттарын өзара мойындау туралы келіссөз ноталармен алмасты, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Иммундау сертификаттарының болуы екі елдің азаматтарына Covid-19 таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) Қазақстанға және Венгрияға кіруге кепілдік береді. Оларды өзара тану Будапешт пен Нұр-сұлтан арасындағы шекараларды ашудың және тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңызды қадамдарының бірі болып табылады.
Следующая →

- Осылайша, Венгрия қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындаған Еуропалық одақтың алғашқы елі болды, - деп атап өтті СІМ-де.