Қазақстандағы COVID-19 жұқтырғандардың 28%-ы дәрігерлер
COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін 16 453 дәрігер үстемақы алған
Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған дәрігерлердің саны 820-ға жетті. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.
Президент тапсырмасынан кейін коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін 16 453 дәрігер үстемақы алған. Олар үшін 3,2 млрд теңге бөлінген.
Следующая →
- Барлық науқастардың 30%-ы немесе 820-сы – медицина қызметкерлері. Олардың көбі орта дәрежелі және кіші медициналық персоналдар. Бір қызығы, инфекциялық аурухана қызметкерлері көп ауырмайды. Себебі, олар арнайы киім киіп, қорғаныс шараларын дұрыс сақтаған әрі ауруханалар арнайы аумақтарға бөлінген. Ал емханаларды, көпсалалы ауруханаларды таза, лас бөліктерге бөлу қиын. Адам көп келеді. Вирус жұқтыру қаупі жоғары. Аталған орталықтардағы дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Іште қалып қалған лас ауаны жұту арқылы да ауырып қалу тәуекелі жоғары, - деді ведомствоның басшысы баспасөз орталығында берген сұхбатында.
Президент тапсырмасынан кейін коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін 16 453 дәрігер үстемақы алған. Олар үшін 3,2 млрд теңге бөлінген.