Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

Жыл соңына дейін қазақстандықтардың 88%-ы ғаламтормен қамтамасыз етіледі

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бес мыңнан астам елді мекен ғаламторға қосылатындығын айтты

Үкімет басшысы Асқар Мамин ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесін уақтылы шешуді жүктеді.

- Төтенше жағдай кезінде интернетпен тұрақты түрде қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында. Қазіргі жағдайда интернет халықтың негізгі байланыс арнасына айналды. Ол сондай-ақ электронды сауда, онлайн-оқу, электрондық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, қаржы және экономика, басқа да салаларда маңызды құрал болып отыр. Белсенді пайдаланушылар қатары артып келеді. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 88 пайызға дейін, ал цифрлық сауаттылықтың деңгейі 83 пайызға жетеді, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр бұл міндеттерді осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру – 5163 елдімекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

- Нәтижесінде ауылдарда 7,6 миллионнан астам адам онлайн білім алуға, электронды саудаға қол жеткізеді. Осыған орай Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс орталықтарымен бірлесіп, жоспарланған елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру үшін барлық шараны қабылдауды тапсырамын. Әкімдіктерге антенналық-мачталық құрылыстарды салуға және байланыс желісін тартуға жер бөлуді, электр желісімен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді жүктеймін, - деді ол.
Следующая →