ШҚО-да дәрігерлерді оқытуға көбірек қаржы бөлінбек
2020 жылы медицина қызметкерлері шетелде жарты жыл және одан да ұзақ оқитын болады
Облыс әкімі Даниал Ахметов Ана мен бала орталығының жас дәрігерлеріне өңірдегі мамандарды даярлауға қатысты жүріп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Өңір басшысы біздің дәрігерлер үздік шетелдік клиникаларда оқып жатқанын атап өтті.
- Бізде халықаралық деңгейдегі құрылғылар бар, - дейді Даниал Ахметов. - Бірақ сол құрылғылармен жұмыс істей алатын жоғары білікті дәрігерлер қажет. Егер бұрын дәрігерлер тек үш ай оқыса, енді жарты жыл және одан да ұзақ мерзім оқи алады.