Канадада денсаулық жағдайын айқындайтын мобилді қосымша пайда болды
Енді жоғарғы қан қысымын төмендету үшін жарты минутқа созылатын бейнежазба түсірсеңіз жеткілікті
Осы 30 секунд ішінде қосымша жасанды интеллект арқылы талданатын мыңдаған сурет түсіреді, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Торонто ғалымдары, өнертабыс авторлары әдістің дәлдігі 95% дұрыстығын жеткізді. Бағдарлама жұмысы телефон камерасы мен адам терісінің қасиетіне негізделген. Терінің жоғарғы қабатындағы гемоглобин шағылысуға қатысып, артериялық қысымның мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіру жоспарланған, оның көмегімен қандағы қант, гемоглобин және холестерин деңгейін анықтауға болады.