Елорда тұрғындары вирусты менингит жұқтыруы мүмкін
Қаланың Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті менингит ауруы тарауы мүмкін екендігін айтып ескерту жасап отыр
Қазақстан астанасында күз бен көктем кезінде менингит қауіпі өрши түспек, ай сайын 80 дерек тіркеледі.
Көбінесе, 3-6 жастағы бүлдіршіндер көп жұқтырады. Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, бұл ауруды жұқтырып алмас үшін тазалық сақтау керектігін айтады. Яғни, қол жуу, жеміс-жидек пен көкөністерді жуу керек, субұрқақ пен басқа су айдындарына барып шомылу қажет.
Ал 2018 жылы астанада 292 бала менингитпен ауырған. Зерттеу мен тексерістердің нәтижесінде 4 су қоймасында энтеровирустың бар екендігі анықталған.