ҚР Денсаулық сақтау министрлігі рецепт жазу бойынша ережелерді өзгертті
Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қабылдау туралы рецепт ережелері өзгерді
Осы Ережеге өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Жаңа ережелерге сәйкес рецепттер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы бойынша латын тілінде жазылады. Препараттың сауда атауында науқастың жеке төзімсіздігі жағдайында ғана тағайындалады.
Рецепттер қағаз түрінде немесе электронды түрде медициналық мақсаттар үшін арнайы бекітілген формада жазылады.