Ақмола облысында дәрігерлер көп балалы ананың өмірін аман алып қалды
№2 Ақмола облыстық ауруханасының дәрігерлер тобы арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды
ҚазАқпарат тілшісі хабарлағандай, 2019 жылдың 14 қаңтарында Степногорск қалалық ауруханасынан №2 облыстық ауруханаға жедел жәрдем бригадасы арқылы босанғаннан кейінгі ауыр жағдайдағы әйел жеткізілді.
- Бауыр - бүйрек жеткіліксіздігімен, тромбоциттер саны аз, қан кету, тыныс алу қабілетінің төмендігі, жоғары қан қысым тудырады. Профилактиканың, реанимация бөлімшесінің, акушерлік қызмет командасының жұмысының арқасында, біз статистикалық мәліметтер бойынша аналар өлімінің 75% жағдайына әкеліп соқтыратын жүктіліктің өте күрделі асқынуын еңсере алдық, - деді дәрігерлер.
Бүгінде науқастың өмірі мен денсаулығындағы қауіп сейілді. Жас ана мен жаңа туылған нәресте ауруханадан шығарылды.
- Біз дәрігерлердің барлығына алғыс айтамыз. Сіздердің кәсіпқойлығыңыз үшін үлкен рахмет, сіздер менің жұбайымның өмірін сақтап қалдыңыздар. Бізде жеті бала бар, ең үлкені - 14 жаста, ең кішісі - бір жаста және біздің жаңа туған баламыз бар. Үлкен рахмет, - деп отбасының әкесі Жәнібек Хонай алғысын білдірді.