Өскеменнен Новосібірге шыққан автобус жолда қалды
Қазақстаннан шыққан автобус Барнауыл маңында қарға батып қалған
Автобустың жанар-жағармай түтігі қатып, ажыратқышы істен шыққан. Ал 36 жолаушы қазір жол бойындағы кафелердің бірінде көлік тосып отыр.
Барнауыл автовокзал директорының хабарлауынша, жолаушылар қосымша автобустың келіп алып кетуінен бас тартып, автобустың жөнделуін күтетіндігін айтқан.
Айта кеткен жөн, қазір Алтай аймағында ауа райы аяздата бастады, кейбір автовокзалдар рейстерді жолға шығармай жатыр.