Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -22°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -21°
  • Қостанай
    -19°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
504.6
-8.21
594.27
-9.92
¥
72.01
-1.19
6.48
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақмола облысында дәрігерлер көп балалы ананың өмірін аман алып қалды

№2 Ақмола облыстық ауруханасының дәрігерлер тобы арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды

ҚазАқпарат тілшісі хабарлағандай, 2019 жылдың 14 қаңтарында Степногорск қалалық ауруханасынан №2 облыстық ауруханаға жедел жәрдем бригадасы арқылы босанғаннан кейінгі ауыр жағдайдағы әйел жеткізілді.

- Бауыр - бүйрек жеткіліксіздігімен, тромбоциттер саны аз, қан кету, тыныс алу қабілетінің төмендігі, жоғары қан қысым тудырады. Профилактиканың, реанимация бөлімшесінің, акушерлік қызмет командасының жұмысының арқасында, біз статистикалық мәліметтер бойынша аналар өлімінің 75% жағдайына әкеліп соқтыратын жүктіліктің өте күрделі асқынуын еңсере алдық, - деді дәрігерлер.

Бүгінде науқастың өмірі мен денсаулығындағы қауіп сейілді. Жас ана мен жаңа туылған нәресте ауруханадан шығарылды.

- Біз дәрігерлердің барлығына алғыс айтамыз. Сіздердің кәсіпқойлығыңыз үшін үлкен рахмет, сіздер менің жұбайымның өмірін сақтап қалдыңыздар. Бізде жеті бала бар, ең үлкені - 14 жаста, ең кішісі - бір жаста және біздің жаңа туған баламыз бар. Үлкен рахмет, - деп отбасының әкесі Жәнібек Хонай алғысын білдірді.

Следующая →