Дәріханалардан қан қысымы жоғары адамдар үшін қауіпті дәрілер алынады
Қазақстандағы дәріханалардан валсартан затының мөлшері көп "Вазар", "Нортиван" и "ВазарН" дәрілері сатылымнан алынады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі валсартан затының мөлшері көп дәрілерды сатылымнан алып тастау бойынша бірқатар шаралар жасап жатыр, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы жүргізген кешенді тексерістен кейін бұл препараттарды алып тастау туралы ұсыныс білдірген. Зерттеу нәтижесінде валсартан белсенді негізінің құрамында N-нитрозодиметиламин (NDMA) бары анықталған. Оны ұзақ уақыт бойы күнде қолданудың салдары онкологиялық дерт тудырады.
Ал осы күнге дейін бұл дәрілерді қолданып келгендер міндетті түрде дәрігерден кеңес алып, оны басқа дәрімен алмастырғаны жөн.