Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрігерлердің еңбекақысы өседі

Ендігі жылы дәрігерлердің еңбекақысы 20 пайызға өседі. Ел үкіметі, алдымен, жедел жәрдем қызметі мамандарының жалақысын көбейтуді ойлап отыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзіне қарағанда, дәрігерлердің еңбекақысы - республикадағы ең төменгі жалақылардың бірі. Қазіргі таңда қосымша ынталандырушы сыйақыларын қосқанның өзінде дәрігерлердің орташа еңбекақысы - 135 мың теңге, ал бейінді мамандардың еңбекақысы - 85 мың теңге.

Соған байланысты денсаулық сақтау министрі дәрігер мамандарға 2019 жылдан бастап еңбекақы төлеудің келісімді жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұған сай жалпы тәжірибелік дәрігерлердің еңбекақысы кезең-кезеңімен өспек. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, алдымен, жедел жәрдем қызметкерлерінен басталады.

- Бұл бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің жалақысын 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Одан кейін, учаскелерді бір дәрігерге 1700 адамға дейін келетін етіп, шағындап қайта ұйымдастыру бұл сала дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді, - деп жазады министрдің сөзін "ҚазАқпарат" ХАА.

Қазір облыс аумағында 5500-ге жуық дәрігер мен 13 мыңнан аса медбике бар. Оның ішінде 4100-ден астам дәрігер мен 10 мың медбике мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істейді.

- Дәрігерлердің орташа жалақысы еңбек өтіліне байланысты 55 мың теңгеден 119 мың теңгеге дейін, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.


Следующая →