Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Денсаулық министрлігі медициналық сақтандыру жүйесін 2020 жылы ғана енгізуді ұсынып отыр

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Парламент отырысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді 2020 жылға дейін шегере тұруды ұсынды.

КТК телеарнасы www.ktk.kz тілшілерінің хабарлауынша, денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәртебені анықтау тетіктерін жүйелендіріп алайық деп, екі жыл мерзім сұраған. Бірақ мерзім шегергенмен, төлемдерді тоқтатпайық деген. Бір қызығы осы аралықта бума-бума қағаз оқып көз майын тауысқан депутаттар бүгін бір ауыздан «иә» десіп, министрлікпен келісе кеткен.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға медициналық қызмет көрсету мерзімін 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бекітуді ұсынамыз. Жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, жұмыскерлер мен әлеуметтік топтар үшін мемлекеттің төлемдерін де жиырмасыншы жылдан бастап жинау керек. Жұмысшылардың төлемдері 5 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетілсін. Жұмыс берушілердің 1,5 пайыз көлеміндегі аударымдары 2018 жылы жүре береді, - деген ҚР Денсаулық вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Жоба уақытша тоқтатылғанымен, бірақ ақша жинала береді. Қазірдің өзінде Елена Бахмутова бастаған қорда 17 млрд теңге бар. 2020 жылда бұл ақша 206 млрд теңгеге жетуі тиіс.

Отырыс қортындысы хаттамаға тіркеліп, парламенттің жалпы отырысының қарауына дайындалып жатқан заң жобасына енгізілген.

Следующая →