Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда бауыр алмастыруға арналған ота жасалды

Оңтүстік Кореядан келген мамандар елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру отасын жасады.

Елімізде жыл сайын 50 адам донорлық ағзаға қолы жетпегендіктен көз жұмады екен, деп хабарлайды elorda.info сайты. Донор табылған күннің өзінде науқастардың қан тобының сәйкес келуі аса маңызды. Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён күрделі ота барысында біздің дәрігерлерге қан топтары үйлеспейтін кезде тірі туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын үйретті.

Астаналық 55 жастағы науқастың өмірін сақтап қалуға өзінің жиені донор болып отыр. Ота жасамас бұрын қазақстандық мамандар науқастарды ота үстеліне әбден дайындаған.

- Науқастың диагнозы – бауыр циррозы салдарынан туындаған бастапқы вирусты гепатит. Бұл ауру жыл өткен сайын бауыр қызметін нашарлата береді. Өздеріңіз біліп отырғандай, қан тобы екі түрлі болғандықтан, ота жасалмас бұрын науқастардың ағзасы барынша үйлесімді болу үшін арнайы дайындадық. Науқастың қанындағы антиденені дәрі-дәрмектердің және плазмаферездің күшімен тазалауға тура келді. Үш рет жүргізілген пламаферездің нәтижесінде қалаған мақсатымызға қол жеткіздік, - дейді Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хирургия бойынша бас кеңесшісі Тоқан Сұлтанәлиев.

Бұл отаның құны – 5 млн теңге. Науқасқа мемлекет қаржысы есебінен жасалды. Тоқан Сұлтанәлиевтің айтуынша, шетелде қан тобы сәйкес келмейтін науқастарға мұндай ота жасау 100 мың евродан жоғары тұрады.

Следующая →