Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыстағы табиғи өсім неге төмен?

Облыста 160 мыңнан астам адам қан айналымы ауруларымен ауырса, 4 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертіне шалдыққан

Бұл деректер облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы баяндамаларында көрсетілген. Соңғы уақыттары облыстағы әртүрлі аурулардың кесірінен көз жұмған адамдардың саны азайса да, республикалық орташа деңгейден жоғары болып тұр. Тек облыста ғана емес, республика көлемінде бала туу көрсеткіші төмендеген, ал адамдардың қайтыс болу жағдайлары артқан. Яғни, елдің табиғи өсімі тоқтаған. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қайғылы жағдайлардың орын алуына демографиялық көрсеткіштердің төмендеуі себеп деп отыр. 

- Туудың төмендеуі мен қарт адамдардың көбеюі жалпы көрсеткіштерге тікелей ықпал жасап отыр. Облыста қан айналымы жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктен, улану мен оқыс оқиғадан көз жұматындардың саны көп, - дейді басқарма басшысы Марат Шоранов.

Облыста қан айналымы ауруларымен ауыратын науқастардың саны 160 мыңнан асқан. Бұл жағынан Шығыс өңірі республикада төртінші орында тұр. Қан айналымы ауруларына шалдыққан адамдардың көпшілігі - қарттар. Аймақ тұрғындарының 15 пайызын 65 жастан асқан қарттар құрайды. Яғни, өңірімізде 200 мыңға жуық қарт адамдар өмір сүреді. Қан айналым жүйесі ауруларының етек алуына экологиялық жағдайлар мен күйзеліс, өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған әлеуметтік дағдарыс себеп болған. Жыл сайын бұл дерттің кесірінен үш мыңға жуық адам көз жұмады. Денсаулық сақтау басқармасы қан-жүрек ауруларымен ауыратындарды дер кезінде ажал аузынан алып қалу үшін инсульт орталықтарын көптеп ашу қажет деп отыр. Қазіргі уақытта облыста үш инсульт орталығы бар. 

- Облыстың географиялық ерекшелігін ескерсек, аймақта, кем дегенде, бес инсульт орталығы болуы керек. Қазіргі уақытта Семей мен Өскемен қаласында орналасқан үш инсульт орталығы бар. Аягөз бен Зырян қалаларында тағы да бір-бірден инсульт орталығы ашылып, медициналық жабдықтар қойылмақ, - дейді Марат Едігеұлы. 
Басқарма ұсынып отырған деректерге көз жүгіртсек, 2016 жылы қатерлі ісік бойынша тіркеуде тұрғандардың саны 4145 болған. Бұл дерттен 2015 жылы 1891 адам көз жұмса, 2016 жылы 1799 адам қайтыс болған. Қатерлі ісік ауруларына Аягөз, Катонқарағай, Бородулиха аудандары мен Курчатов қаласы тұрғындары көп шалдығады екен. 

Қатерлі ісіктің пайда болуына экологиялық жағдай, өндіріс қалдықтары әсер ететін көрінеді. Сонымен қатар, аймақ аумағында кезінде жасалған ядролық сынақтардың да салдары енді біліне бастаған.  

Өңірде бала өлімі 32 пайызға, ана өлімі 48 пайызға төмендеген. 

- Ана мен бала орталығының мамандарын білікті оқу орындарында оқыта отырып, ана мен бала өлімін азайта алдық. Былтыр 12 маман білікті медициналық оқу орындарында білім алса, биыл 21 маманды оқытуға жібергелі отырмыз. Ал облыста барлығы 427 маман оқытылса, оның 276-сы ана мен бала күтіміне қарайтын мамандар, - дейді Марат Шоранов.

Өңірдің «денсаулығын» сақтау үшін биыл кешенді бағдарлама жасалып, қомақты қаражат бөлінген. Бұл қаражат медициналық жабықтар сатып алу мен медбике мамандарды оқытуға жұмсалмақ. Биыл медициналық жабдықтарды сатып алуға 6 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Дегенмен, алдын ала зерттелген деректер бойынша облыстағы ауруханалардың барлығына жаңа медициналық жабдықтар сатып алу үшін 23 млрд теңге қаржы қажет екен. 

- Медициналық жабдықтарды сатып алуға 6 млрд теңге, медбикелерді шетелде оқыту үшін 1,5 млрд, аураханаларға ақпарат технологияларын сатып алу үшін 1 млрд теңге қаражат бөліп отырмыз. Республиканың ешқандай аймағы денсаулық сақтау саласына мұншалықты көңіл бөліп көрген емес, - дейді облыс басшысы Даниал Ахметов.

 Облыс әкімінің ойынша, мұндай кешенді бастамалар денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер әкелмек. Қазіргі уақытта ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға тендер жарияланған. Жылдың соңына дейін сатып алынатын медициналық жабдықтар облыс тұрғындарының амандығы мен денінің саулығына қызмет етпек. 
Следующая →