Полиция каталондық лаңкестердің соңғысы туралы деректерді анықтады
Испанияның полиция қызметкерлері Барселона мен Комбрильсте бірнеше шабуылды ұйымдастырған лаңкестер ошағының соңғы қатысушылары туралы ақпараттарды анықтады
Ол лаңкестік әрекетке дейін Альканарда болған жарылыста екінші қаза тапқан адам болып шықты.
Испаниялық БАҚ хабарлауынша, қаза болған азаматтың есімі - Юссеф Ааля. Ал каталондық шабуылдарға, кем дегенде, оның бір бауыры қатысқан. Осылайша, лаңкестік ошаққа 12 адам кірген.
Олардың 8-і қаза тауып, төртеуі бұрын қолға түскен. Бірақ тұтқындардың екеуі қайта босатылды. Салах эль-Кариб пен Мохамед Ааля әр апта сайын сотқа келіп тұруға міндеттеліп, босатылған еді. өйткені тергеу барысында бұл екі азаматтың лаңкесті шабуылға қатысы барына дәлелдердің жеткіліксіз болған.
Следующая →