Қазақстандықтар 2019 жылдан бастап дәрі-дәрмек рецептілерін электронды түрде ала алады
Қазақстандағы ауруханалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазбен емес, электронды форматпен жұмыс жасауға көшпек
ҚР Денсаулық сақтау министрінің сөзіне қарағанда, ауруханалар мен поликлиникалар 2018 жылдың соңына қарай толығымен электронды ақпараттық жүйеге ауыспақ.
Ал 2019 жылдың басынан бастап тұрғындар стационарлық картаны ала отырып, дәрі-дәрмек рецептілерін электронды түрде ала алады.
Алайда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары ауруханалары ақпараттық технологиялармен аз қамтылған. Сондықтан ендігі жылдың соңына дейін әкімдік аталмыш облыстардағы медициналық ақпараттық жүйелерді дамытуға көңіл бөлмек.
- Қала ауруханаларының барлығы интернет желісіне қосылған. Алайда ауыл аймақтардағы ауруханаларда мәселе көп болып тұр. Сондықтан бұл жұмысты ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз, - дейді денсаулық сақтау министрі Е.Біртаңов.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әрбір азаматтың өзінің медициналық электрондық төлқұжаты болады.