Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қан айналымы жүйесі ауруларының басты себептері

Қан айналымы жүйесінің аурулары қазіргі заманда індетке айналды. Сондай-ақ, ол басқа ауру түрлеріне қарағанда көп адамдар өмірін әкететіні мәлім

- Неолит кезеңінде адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығы 17-18 жылды құраған, ал сол кезеңде адамдар көбінесе жарақаттан көз жұмған, - дейді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич. - Кейін, адам әлемді өз ыңғайына қарай өзгерткенде, қару-жарақ, еңбек құралдарын ойлап тапқанда жыртқыш аңдар мен аштық оларға қорқыныш сезімін әкелмеді. Алайда, популяция індеттер реттеушісі болды. Мысалы, оба індеті Еуропа халқының 60%-ын баудай түсірді.

Адамзат қарабайыр індеттермен күресу жолдарын ойлап тапқанда, вирус сынды жаңа бейімделген індеттер пайда болды. Осылайша, 20-ғасырдың басында індеттер салдарынан бірнеше ондаған миллион адамның өмірі қиылды. Алайда, адамзат олармен күресудің жолдарын да тапты. Осылайша, ауыспалы жағдайда алға жылжудамыз. Бүгінгі таңда біз адам өмірін қысқартуға себеп болатын сыртқы факторларды реттеуді үйрендік және өлім кәрілік себептерінен пайда болатын кезеңге жақындаудамыз. Яғни, қартаюдың табиғи үрдістері - иммундық жүйе жұмысындағы генетикалық бағдарламаланған ақаулар. Олардың бірі осы тамырларға байланысты. Атап айтсақ, ол - атеросклероз.

- Тамырдың ішкі бетінің толығымен зақымдануы, ішкі жара оның басты себебі. Ал холестерин осы «зақымдарды» жауып тұратын әмбебап қорғаныш материалы. Бұл қалыпты үрдіс, - дейді Борис Галич. - Бірақ, шығыңқы бір жерде тромбоцит ілініп қалса, оның айналасында тағы осындай жағдай қайталанады, сонымен қан ұйығы пайда болады.

Тамырдың қабырғасы нығыздалып, қалыпты тарылып-кеңейе алмайды. Нәтижесінде түйіндік пайда болады. Артынша жарақат орналасқан жерден бөлек орналасқан барлық тамырларда қан жетіспеушілігі болады.

- Холестерин адамдардың атеросклерозға бейімділігі туралы бізге ақпарат береді. Тамырдың ішіндегі қабық өте жұқа, ол бұзылғанда қандағы артық холестерин сол жерге орналасады. Бірте-бірте тамырдың үстінде түйіндіктер пайда бола бастайды, - дейді бас кардиолог Анна Полторанина. - Емделушілер маған «тамырларымды тазартып беріңізші» деп айтады. Алайда, ол мүмкін емес. Себебі, бұның барлығын ішкі қабығынан ажыратып ала алмайсың. Өкінішке орай түйіндікті алу мүмкін емес.

Олар жүректің, тіпті, бастың, бүйрек, бауыр, ішек, аяқ-қолдың кез келген тамырында осындай патологияның дамуы мүмкін екендігі туралы алғашқы хабаршысы.

- Қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізер әсері туралы кім не десе де, ең басты себеп - күйзеліс, - дейді Борис Викторович.

Егер тамырдың склеротизациясы қартайған шақтағы биологиялық қалыпты үрдіс болып есептелсе, оның ерте патологиялық көріністері - өткір коронарлық синдромы және миокард инфарктысы болып табылады. 

Следующая →