Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрілік шөптермен емделу дұрыс па?

Халықтық медицина жүрек аурулары кезінде түрлі шөптер мен тамырларды пайдалануды ұсынады

Мысалы, барлығына белгілі долана, шәңгіш, жалбыз, валерьяна (шүйгіншөптің тамырынан жасалған дәрілік препарат) және т.б. Ғаламторға кірсеңіз болғаны бұл тізімнің шексіздігіне көзіңізді жеткізесіз. Ал ол рецептілердің әсері жайлы облыстық аурухананың бас кардиологы Анна Полторанинадан сұрап білдік.

- Кейде емделушілер атаған рецептілерді естіп таңданып қаласың. Бірақ, бұл халық әдістерінің барлығы дәлелденбеген. Ал дәрі-дәрмектер жылдар бойы әртүрлі топ емделушілеріне жасалған зерттеулермен дәлелденген және оң әсер көрсетуде. Долана, сәлдегүл, шүйгіншөп және басқа емдік шөптердің тұнбасы тыныштандыратын әсер береді. Сондай-ақ, психотерапиялық әсерге де ие: сіз оған сенесіз, сіз оны пайдаланасыз, - дейді бас кардиолог.

Сонымен қатар, Анна Полторанинаның айтуынша, дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектерден бас тартпағаныңыз жөн. Бірде-бірде сарымсақ, бірде-бір долана холестерин мөлшерін азайтпайды, жүректің неғұрлым баяу режімде жұмыс істеуіне көмектеспейді және тамырларды дәрі-дәрмектер сияқты деңгейде кеңейтпейді. Нақты ауруға нақты ем қажет.

- Бәлкім, шөптер мен тамырлар оң әсерін берер. Мүмкін, бір күні біреу қаражат бөліп, емделушілер тобына долананы белгілі бір мөлшерде беріп жүректің ишемиялық ауруы 20 жыл бойы қалай дамитындығын зерттер. Бірақ, кім осы үшін өз өмірі мен денсаулығын құрбан етуге барады? Холестерин мөлшерін төмендететін дәрі-дәрмектерден бас тартуға болмайды. Кейде науқастартың оларды ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығына таңданамын. Егерде бұл үрдіс пайда болса, ол өмір бойы жалғасын табар. Сіз қаншалықты өзіңізді қорғасаңыз, соншалықты мәнді өмір сүресіз, - дейді Анна Полторанина.  

Следующая →