Британияда пышақпен қаруланған ер адам тұтқын алды
Пышақпен қаруланған ер адам британдық Ньюкаслдің жұмыспен қамту орталығының бірнеше қызметкерін тұтқынға алды. Бұл туралы бүгін «Дейли Мэйл» газеті хабарлады
Жергілікті полиция Твиттерде «Байкер өңіріндегі оқиға бойынша жұмыс істеп жатқандарын» жазған. «Клиффорд-стрит көшелерінің жанындағы жолдар жабылды» - дейді хабарландыруда. Мәлімдеме бойынша, полиция оқиға орнына жақын маңдағы студенттер жатақханасында болған адамдарды көшіріп, метро станциясын жауып тастады.
Кейін полиция баспасөз мәлімдемесі арқылы кейбір қызметкерлердің оқиға орнынан кетіп үлгергені туралы хабарлаған. Оқиға орнына қаруланған еркекпен келіссөз жүргізу үшін психолог мамандар келген. Алдын ала деректер бойынша, орталық қызметкерлері ол адаммен таныс.
Қазір оқиғамен жұмыс жасаудамыз, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - дейді баспасөз мәлімдемесінде. Кейін полиция оқиға орнында зардап шеккендер туралы жарияламауды ақпарат көздерінен сұраған.
Қазір полиция бұл жағдайды терроризммен байланыстырмай қарастыруда. «Бекердегі оқиғаның терроризммен байланысқаны туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін растағымыз келер еді», - дейді Твиттердегі ресми парақшада.