Денсаулық сақтау министрлігі оқушыға арнап протездер сатып алмақ
11 жастағы оқушының қолын иығына дейін кесіп алып тастауға тура келген.
Қазақстандық 11 жасар Балғынбек Бахтияровқа Денсаулық сақтау министрілігі жасанды қол – протез сатып алып беретін болды.
Оқушы осыдан екі жыл бұрын қос қолынан да айырылған екен. Баланың қолын кесуге тура келген. Балғынбектің әкесі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңовқа хат жазған, шенеунік жанұяны Астанаға шақырған.
- Қолымның болғанын қатты қалаймын. Танымал жазушы болғым келеді. Фильмге сценарий, роман мен поэма жазуды армандаймын, - дейді 5-сынып оқушысы.
Тақырыптар:
Министерство здравоохранения РК