Зырянда күйеуімен ұрсысқаннан кейін жоғалған әйел табылды
32 жастағы Елизавета Кузнецованың алты күн бойы қайда болғандығын оның туғандары айтудан бас тартты
Кеше кешке 11 мамырда жоғалып кеткен Елизавета Кузнецованың туыстары оның аман-есен табылғандығын хабарлады.
- Лиза табылды. Аллаға шүкір, тірі, - деді туған апайы Зоя Суханова.
Естеріңізге сала кетсек, Елизавета Кузнецова жоғалған күннің ертеңінде оны көршілері алкогольді мас күйінде көрген. Ал полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, табылған Зырянның тұрғыны күйеуімен ішімдік ішіп, кейін үйден кетіп қалатын көрінеді.