Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мейірбике нәрестені үйге келіп қарауға тиіс

Бала дүниеге келіп, ауруханадан шыққан соң толық дәрігерлердің бақылауында болуы керек

Ол үшін ана мен бала ауруханадан үйге шыққаннан кейін 3 күннен соң тұрғылықты жеріңізге қарасты отбасы-дәрігерлік амбулатория дәрігері және мейірбикесі үйге келіп тексеріс жүргізуі қажет. 

- Баланың 14-ші күні тексеру дәрігермен жүргізіледі, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова. - Баланың 7-ші, 21-ші және 28-ші күндері, 1 жасқа дейін ай сайын, 2 жасқа дейін тоқсанына бір рет және 3 жасқа дейін жарты жылда бір рет мейірбикелермен патронаж жүргізіледі.

 Бұл тақырыпты қаузауға редакциямызға келіп түскен қала тұрғынының қоңырауы негіз болды. Ахмер ауылының тұрғынының айтуынша ондағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория мейірбикесі үйге келу үшін көлік жіберуін сұраған.

- Немерем үйге шыққан соң бір апта ішінде отбасылық-дәрігерлік амбулатория дәрігері өзі келіп тексеріп кеткен, - дейді шағымданушы Жауһар Қалиякперова. - Ал келесі аптада мейірбикенің келуі керектігін айтты. Бірақ күткен мейірбикеміз келмеді. Өзіміз қоңырау шалып, келуін сұрағанда «мен сіздердің мекенжайларыңызды таба алмаймын, маған көлік керек, бізге ол үшін ешкім ақы төлемейді» деп жауап берді. 

 «Жаңа туылған нәрестені үйге дәрігердің өзі келіп қарауға міндетті емес пе?» деген тұрғынның сауалынан кейін ғана мейірбике сол күні амбулаторияға қаралуға келетіндердің көп екенін, босап жатса келетінін айтқан. 

 - Түстен кейін қайта хабарласуымды сұрады. Хабарласып едім «сіздерде мүлде көлік жоқ па?» деп қайта сұрады. Көлік болса, жіберер едім ғой. Амбулатория мен үйдің арасы екі-ақ аялдама. Ақыры көліктің жоқтығын естіп өзі келді. Бірақ бір түсінбегенім мейірбике әр үйге келген сайын артынан көлік жіберіп тұруға міндеттіміз бе? - дейді тұрғын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының бізге берген жауабына сүйенсек патронаж тегін медициналық көмектің кепілдігі бойынша жүргізіледі.

- Меновное ауылының дәрігерлік амбулаториясында қызметтік көлік бар, ол фельдшерлік-акушерлік пункттерге, сонымен қатар Ахмер ауылының ФАП-тарына қызмет көрсетуге арналған. Патронаж жүргізу мейірбикенің қызметіне кіреді, - дейді Райфа Сафиоллақызы.
Егер тұрғындар осындай олқылықтарға жолығып жатса, медициналық ұйымның әкімшілігіне жүгініп, шағымдарын білдіру керек. 

Жалпы алғашқы патронажда сәби мен анасының күйін, шағымдарын, жүктіліктің және босанудың қалай өткенін, нәрестенің нешінші күні емшекке салғанын, қалай емгенін, кіндігі қашан түскенін, босанатын үйден қашан шыққанын, физиологиялык жоғалған салмақ мөлшерін анықтайды және балаға қолайлы жағдай жасалғанын тексереді. Әсіресе жүйке жүйесінің, тері, кіндік шеңберіне, дамуда аномалия жоқтығына көңіл аударады. Кейін медбике бірінші аптада үйге келіп тұрады, алғашқы айда әр жеті сайын, ал балалар дәрігері 7-10 күннен соң кайтадан сәбиді карайды. Біріншілік патронаждың мақсаты нәресте денсаулығын және дамуын бағалап, диагноз қойып, денсаулық тобын анықтау. Патронаж соңында анасына шұғыл жағдайда қайда баруы және не істеу керектігі түсіндіріледі.

Назерке Кәрімова
Следующая →