Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоғамдық көліктердің сапасы қандай?

Қоғамдық көліктердегі жол ақысын қымбаттату оның сапасы мен көрсететін қызметіне сай бола ма?

«Нұр Отан»  партиясының Өскемен қалалық филиалының бастамасымен қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық көліктердің сапасы мен қызметін бағалау үшін арнайы рейдке шықты. 

Рейд барысында ерікті тексерушілер автобустардың ішкі тазалықтары, кондукторлардың жолаушылармен қарым-қатынасына, аялдамалардың жарияланып отыруына, автобустардың аялдамадағы тоқтау ұзақтылғына баса назар аудару керек болды. 

- Маған №67 және №14 автобустардың жүрісін бақылау тапсырылды. Ю14 автобус «Кемежай» аялдамасынан сағат 17.33-те шығу керек болатын, бірақ мен аялдамада автобусты 1 сағат 10 минут күттім, ал автобус мүлдем келген жоқ, - деді «Нұр Отан партиясының «Ореол» бастауыш партия ұйымының өкілі Александр Сомойлев. 

 Сонымен қатар, қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің басым бөлігінде автобусты тазалап, жууға арналған құралдар салонның ішінде, жолаушылар отыратын орындықтардың астында, жанында тұрып, жолаушыларға кедергі келтіреді, аялдамалар көп жағдайда бір тілде ғана хабарланады, кейде мүлдем хабарланбайды, өрт сөндіруге арналған балондар мүлдем кездеспеді және тағы басқа ірілі-ұсақты ескертпелер тіркелді.

- Менің ойымша, осыған дейін көтерілген жол ақысы мен алдағы уақытта күтілетін қымбаттаулар жолаушыларға көрсетілетін сапаның артуына еш әсер етпейді. Тасымалдаушылар сол бұрынғыша «барды қанағат тұтындар» принципімен жүретін болады, - деп қосты Александр Григорьевич. 

Автобустардың сапасын тексеруге 12 ерікті шықты. Тексеріс нәтижелері бойынша хаттама толтырылып, Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қандай да бір шара қолдану мақсатында жолданатын болады. 

Ерке Биғазина

Следующая →