Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында әкімдік нақты орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төлеген

Бородулиха ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасудың 37 фактісі анықталды

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Абай облысында әкімдік нақты орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төлеген
Фото:
Устинка LIVE

Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облыстық прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, - делінген хабарламада. - Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-ның 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алу өткізген, - деп мәлімдеді Абай облысының прокуратурасы. - Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төленген. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасқан.

Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылды.

Следующая →