Қазақстанды қаржы дағдарысынан алып шыққан адам Нобель сыйлығына ұсынылмақ
Әлемдегі ең әлсіз валюта деп танылған теңге әлі құлдыраудың шарықтау шегіне жеткен жоқ
Фото:
delfi.ee
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы күтпеген жерден осындай ашық мәлімдеме жасады.
Теңгенің 100 пайызға құлдырауы қарапайым халық қана емес, бизнесмендердің де қалтасын жұқартыпты. Дегенмен девальвация да осы кәсіпкерлердің өтініші бойынша жүргізілгені есте. Енді шетелден доллармен есептеліп келетін тауарлардың барлығы қымбат.
Экономикамыз да әлі импортқа тәуелді. Қазір Үкімет импортты отандық өніммен толтыруға жанталаса бастады. Одан қалды, қаржы нарығындағы жағдай Батыстың санкциясына іліккен рубльге де байланысты боп тұр. Сондықтан алдағы жарты жылда қаржы нарығы құбыла бермек. Осы ретте түрлі болжам жасайтын «сәуегейлерді» Мырзахметов жақтырмай отыр. Ұлттық палата төрағасы тіпті экономикалық құлдыраудан шығудың нақты жолын айтқан адамды Нобель сыйлығына ұсынамын деп әжуа қылды.
Следующая →