Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Лас-Вегаста әнші Селин Дионның жұбайы әрі менеджері қайтыс болды

Би-би-си хабарлағандай, АҚШ-та танымал әнші Селин Дионның жұбайы әрі менеджері Рене Анжелил 73 жасында қайтыс болды

Новости мира / Интересные новости / В Лас-Вегасе скончался муж и менеджер певицы Селин Дион
Фото:
peoples.ru
Зайыбының «Фейсбуктегі» парақшасында Анжелил мырза «Обыр ауырымен ұзақ уақыт күресіп күресіп, өз үйінде көз жұмды», - делінген. Рене Анжелилде қатерлі ісік бар екендігі анықталғаннан кейін Селин Дион өзінің өнердегі жолын уақытша тоқтатып, отбасымен бірге болуды шешкен еді.

Анжелил мырзада алғаш рет обыр диагнозы 1998 жылы анықталды, алайда отадан кейін ол жазылғанын хабарлаған. 2013 жылы оған тағы бір ота жасалды. Дәрігерлер ол кезде тағы да қатерлі ісікті анықтаған болатын.

Анжелил мырза мен Селин Дион 1994 жылы үйленді, олардың үш баласы бар: үлкені 14 жаста, ал егіз ұлдары 2010 жылы дүниеге келген. Рене Анжелил Селин Дионның 12 жасында оған менеджер болған. 1987 жылы араларында тұтанған махаббат 1994 жылы некелесумен аяқталды. Сол уақыттан бері ерлі-зайыптылар бірге өмір сүрген.

1981 жылы Анжелил енді көтеріліп келе жатқан әншінің алғашқы жазбасын қаржыландыру үшін өз үйін кепілге қойған.
Следующая →
Тақырыптар: США Певица Муж Кончина