Қазақстанда мұнай мен газдың биржалық сауда-саттығын енгізгісі келеді
ҚР Үкіметінде экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда негізгі тауар нарықтарын реформалау бойынша ұсыныстар қаралды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан бірнеше реформа ұсынылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұнай өнімдері нарығындағы оң серпінге қол жеткізу үшін мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алуға рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылуда.
Сондай-ақ, елде мұнай сауда-саттығын енгізу ұсынылды. Газ өндіру саласында да осындай реформалар ұсынылды.
Отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік, қаржы нарығы, электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы қызметтері нарықтарын монополиясыздандыру жөніндегі шаралар талқыланды.