Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды
Екінші деңгейлі банктердің мәліметінше, мемлекет тарапынан қаржыландыру болмауы себеп болған
Бүгінде барлығы 9 мыңға жуық өтінім қабылданды. Қаржыландырудың бірінші траншы аяқталды. Өтінімдер 20 мамырдан бастап қабылданбады. Өтінімдер қашан қайта қабылданатыны, яғни мемлекеттен қаражаттың екінші траншы қашан түсетіні әзірге белгісіз, - делінген Atameken Business хабарламасында.
Сонымен қатар, БАҚ-та жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдердің лимиті таусылғаны айтылды.
Былтыр кезекте тұрғандардың да бәрін алмағаны айтылды. Жеңілдетілген несиеге өтініш беріп үлгерген қазақстандықтар алған. Енді автокөлікті несиеге алғысы келгендер өтініш бере алмайды, қашанға дейін екені белгісіз.
Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы Kia Allur Auto автосалоны өкілдері автокөліктер жеткілікті екенін айтты, бірақ банктер арқылы қаржыландыру жақын күндерден бері болмаған. Әзірге тек ForteBank өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр. Автосалонның электрон кезегінде барлығы 13 мың адам тұр. (...) Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау қашан басталады, қашан қаржыландырылады деген мәселе "Өнеркәсіпті дамыту қорында" айтылмады, - делінген Atameken Business хабарламасында.