Бір апта ішінде Қазақстандағы әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы 0,6%-ға көтерілген
Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөнінде кеңес өткізді
Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өткен аптада азық-түлік 0,6% қымбаттағанын хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсуі Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді. Әлихан Смайылов бағаны ұстап тұру маңызды екенін атап өтті.
Мен бірнеше рет «айналым схемасын» қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалмады. Осы айдың аяғына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті мақсатты деңгейге жеткізбейтін өңірлерде әкімдердің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тиісті шара қолдану туралы ұсыныстар қаралатын болады, - деді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.