Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Неге қорқынышты ойыншықтарға сұраныс артып тұр?

Қазағымыз "Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер" дейді. Бұл әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған сөздер. Бірақ бүгін баланың тәрбиесімен расымен ата-ана айналысып жатыр ма, әлде интернет тәрбиелеп жатыр ма? Ұяда көргені ғаламтордағы қызық-думан болса, ұшқанда ілетіні не болмақ?

Усть-Каменогорск и ВКО / Неге қорқынышты ойыншықтарға сұраныс артып тұр?

Бір кездері қазақтың кең даласы ақындар мен шешендерге, билер мен батырларға толы еді. Сол кезде әр бала бесік жырын естіп, адам бойындағы рухты оятатын қиял-ғажайыпқа толы ертегілермен сусындап өсті. Кейін өздері де сол ертегі кейіпкерлеріндей жүрегі елім-жерім деп соғатын, Отаны үшін отқа түсетін айбынды тұлғаларға айналды. Ал қарыштап дамыған заманның жаңа технология-лары балаларға ойлануға, толғануға, қиялдауға мүмкіндік бермейді.

Мультфильм - манипуляция құралы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалықтар салық төлеуге қатты құштар болмаған екен. Ал соғыс жүргізу үшін бірінші кезекте қаражат керек еді. Сондықтан сол кездегі АҚШ қазынашылық хатшысы Генри Моргенто сол кездегі танымал мультипликатор Уолт Диснейден көмек сұрайды. Ол суретшіге мемлекет есебінен американдықтарды салық төлеуге шақыратын патриоттық мультфильм жасап шығаруды ұсынды. Уолт Дисней мұндай мультфильмді алты апта ішінде жасады. Оның кейіпкері - үйрек Дональд Дак.

1943 жылдың ақпанында мультфильм прокатқа шықты. Нәтиже барлық үмітті ақтады. АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, сол жылы салықтан түсетін түсімдер төрт есе өсті - мемлекеттік қазынашылық пен әйгілі мультипликатордың айла-амалдары іске асты.

Осылайша мульфильмдер арқылы баланың ғана емес, ересек адамдардың саналарына түрлі ойлар, дайын пікірлер құйылды. Егер көрсетілген мультфильмінің астары тек жақсылыққа шақыру болса, оның еш зияны жоқ екені анық. Дегенмен келешек ұрпағының мінез-құлқы мен сана-сезіміне алаңдайтын ата-ана баласының не көріп жүргеніне қатты мән беруі керек.

Қазіргі мультфильмдерің кадрлары жылдам ауысады, шынайы өмірге қарағанда мультфильмдегі эмоция екі-үш есе көп беріледі. Бала мұндай видеоларды көп көретін болса, оның зейінін шоғырландыру проблемалары туады. Ол жердегі жылдамдық, кадрдың тездігінен бала өмірде де сондай жылдамдықты қалай бас-тайды. Өз өміріне көңілі толмай, зерігеді. Мысалы, үй тапсырмасын орындаған кезде оның төзімі жетпейді. Бір орында отыра алмай қалады, сабаққа құштарлығы азаяды. Дайын дүниені көре бергеннен кейін оның қиялы тоқырайды. Нәтижесінде пікір айту, идея айту сияқты қабілеттер шектеледі, - дейді балалар психологы Зейнеп Салтык. - Тағы бір кері әсер: бала эмоцияны қиналмай жатып-ақ сезінеді. Алайда бақыт гормоны, яғни, дофомин еңбектену арқылы бөлінуі керек. Мысалы, оқушы үй тапсырмасын орындайды, мұғалімі оны мақтайды. Осы кезде бақыт гормоны бөлінеді. Ал еңбектенбей дофомин гормонын сезінгеннен кейін, өмірде де бала еңбектенбей бақытқа бөленгісі келетін болады. Мұның барлығы мативацияның төмендеуіне әкеледі.

2022 жылдың 29 наурызында Disney General Entertainment компаниясының президенті Кери Берк кинокомпания 11 жасқа дейінгі балалар арасында ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қарсы екенін айтты. Сондықтан ол компанияның барлық фильм кейіпкерлерінің жартысы ЛГБТ және ұлттық аз топтар өкілдері болады деп уәде берді. Яғни, 2022 жылдың соңына дейін Дисей компаниясы түсірген мультфильмдер бұғанасы қатпаған, өзіндік пікірі қалыптаспаған жас сананы улауы мүмкін.

Балалар мультифильмде көргенін дұрыс деп қабылдайды. Егер мультфильмдерде жынысты таңдау еркіндігі болады деген мессенджер беретін болса, белгілі бір уақытта бала оны қалыпты жағдай ретінде қабылдай бас-тайды. Сондықтан ата-ана баланың не көретініне мән беруі керек және баламен дұрыс қарым-қатынас орнатуы керек. Себебі ұл балаға "жыла ма, сен жігітсің" деп, ал қыз балаға "олай істеу қыз балаға жараспайды" деп тыйып отырса, ертеңгі күні бала өз жынысын ұнатпайтын болады. Бұл жыныстық проблемаларға әкеледі, оның үстіне жынысты таңдау еркіндігі туралы кинолардан кейін ол үшін бұл жеңіл нәрседей көрінетін болады, - дейді балалар психологы Зейнеп Салтык.

Қорқынышты ойыншықтар қаптады

Хагги Вагги, Кисси Мисси, Сиреноголовый - түрлері ұсқынсыз, хоррор кейіпкерлер. Сюжет бойынша бұл кейіпкерлер зұлымдықты әспеттейді. Бала түгілі ересек адамның бойына қорқыныш ұялататын бұл кейіпкерлердің ойыншықтары бүгінгі таңда танымал.

Былтыр Poppy Playtime қорқынышты ойынының бірінші тарауын шығарды, ол тез арада желіде танымал болды. Сюжетте Playtime Co ойыншықтар фабрикасының бұрынғы қызметкері он жыл бұрын жоғалып кеткен әріптестерінің жоғалуының құпиясын шешуі керек. Ойын барысында ойыншы жұмбақтарды шешіп, басты зұлым үсті-басы жүн-жүн Хагги Вагги деген антропоморфты қуыршақтан қашады. Оның негізгі қабілеті құшақтау (hug - қаз. "құшақтау"). Ал осы Хагги Ваггидің ғашығы Кисси Мисси екен.

Бұл ойын кейіпкерлерінің танымалдылығы сонша 2 жасқа жеткен балалар аузы мен басы үшбұрыш, тістері ақсиған, қолдары денесінен ұзын ойыншықтарды жылап жүріп алдыртуда. Сұранысқа қарай ұсыныс. Нарықта бұл ойыншықтардың бағасы да арзан емес.

Хагги Вагги мен Кисси Миссиға сұраныс Жаңа жыл қарсаңында басталды және бүгінгі күнге дейін әлі сұраныстан шыққан жоқ. Ата-аналары балаларының қалауы бойынша сыйлыққа алып жатады. Хагги Ваггидің бағасы 7 мың теңге, Кисси Мисси 5700 теңге тұрады, - деді қаладағы ойыншық дүкенінің сатушысы.

Негізі Poppy Playtime ойыны 18 жастан асқан балаларға арналған. Ойыншылар ойын барысын видеоға түсіріп, оны ютуб каналына жүктейді. Жүктелеген ойынды кішкентай бүлдіршіндер мульфильм ретінде қабылдайды. Ең басында бұл ойын балаларға ұнамаған екен. Алайда 2021 жылдың күзінде ол YouTube-тағы ең танымал топ-10-дыққа кірді.

Балалардың арасында тағы бір танымал персонаж бұл - Сиреноголовый. Ол ойдан шығарылған тіршілік иесі, оның бойы ұзын, қолдары мен аяқтары арық гуманоид түрінде бейнеленген. Ал басының орнында ұзын құбырға ілінген екі динамик (рупор). Оны канадалық суретші Тревор Хендерсон ойлап тауып, бейнелеген. Соның суретінің нәтижесінде жасөспірімдер түрлі видеолар түсіріп, өскелең ұрпақтың арасында танымалдылыққа ие болды.

Баланың санасы қалай уланады?

Біз басында баламыз қандай мультфильм көретінін бақыламайтынбыз. Бірде баламыз түнде жылап оянды, "не болды?" деп сұрасақ, "ана жер қан болды" деп шошынып тұрды. Сөйтсек, ол күндіз Сиреноголовый туралы, Мороженщик туралы видеолар көреді екен. Олар адамдарды өлтіріп, жейді. Сюжет бойынша жасөпірім балалар олардан қашып жүреді. Осы оқиғадан кейін баламыз "Сиреноголовый бізге келмей ме?" деп жиі сұрайтын болды, дәретханаға жалғыз баруға қорқатын болды. Осындай жағдайлардан кейін біз мұндай видеоларды көруге тыйым салдық. Қазір бәрі қайта қалпына келгендей, - дейді қала тұрғыны Алия Аубакирова.

Мағынасыз және адамның бойында қорқыныш тудыратын видеолар балалар үшін өте қауіпті.

Хоррор (қорқынышты) мульфильмдерді көп көрген балалардың бойында белгілі уақыттан кейін стресс пайда болады. Сресс гормоны - картизол көп бөлінген кезде баланың бойында энергия артады. Энергиясы артқан сайын бала ол мультфильмдерді көп көргісі келе береді. Ата-аналардың "балам қорықса да көре береді" дегені осыдан шығады. Алайда осындай жанрдағы мультфильмдерді көп көре берген балалар өзіне сенімсіз болады, қорқынышпен жүреді, түнде жалғыз ұйықтауға қорқады. Бойындағы сенімсіздік "менің қолымнан келмейді" деген пікірді оятады, - дейді балалар психологы Зейнеп Салтык.

Қаламыздың тұрғыны Альмира Жунусова осындай хоррор видеолардың зардабын көріп отыр. Оның баласы қорқыныштан тұтыға бас-тапты.

Біздің баламыз үйде отырғанда Хагги Вагги, Кисси Мисси, Сиреноголовый, Картун кэт көріп жүрген екен. Бірде түнде шошып оянып, сөйлей алмай тұтығып қалды. Содан апарамаған маманымыз қалмады. Ұлымыз балабақшада белсенді, ән де айтып, би де билеп жүретін еді. Тұттыққалы бері тұйық болып қалды. Логопед жағына массаж, жаттығулар жасап, психологтармен жұмыс жүргізудің арқасында кішкене түзелгендей болдық, - дейді Альмира Жунусова.

Ата-ана баласының өмірі үшін жауапты болғандықтан, баласының не киіп, не жеп жүргеніне ғана емес, санасын қандай ақпаратқа толтырып жүргеніне де үлкен мән беруі керек.

Мультфильм көргенде бала телефоннан емес, телевизордан көргені абзал. Өйткені экран үлкен, бала да одан біраз қашықтықта отырады. Егер бала 7-8 жаста болса, оған күніне 40 минут телевизор көргені жеткілікті. Ал 9-10 жастағы балаға толық метрлі кинолар көруге болады. Контентке келетін болсақ, бала өзінің жасына сәйкес кететін мультфильмдер көруі керек. Кейіпкерлері сөйлемейтін мультиктерді көрсетпеген абзал. Оның қатарына Маша мен аю, Буба кіреді. Компьютерлік ойындарды көрсететін, ойыншықтарды ашатын, тамақ жейтін видеоларды көрсетуге болмайды. Жалпы бала басы мен аяғы бар сюжет көруі керек және ол жасына сай болуы керек, - дейді психолог Зейнеп Салтык.

Следующая →