Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

2006 жылғы үлгідегі банкнотты қабылдамағандарға айыппұл салынады

ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаның банкноттары мен тиындарын қабылдаудан бас тартатын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға айыппұл салынатындығын ескертті

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Нацбанк РК пригрозил штрафами за отказ в приеме банкнот образца 2006г
Фото:
kapital.kz
Ұлттық банк хабарламасында: «Ұлттық валюта банкноты мен тиынын қабылдаудан бас тарту ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 206 бабына сәйкес, 2016 жылғы айлық есептік көрсеткішке сүйене отырып, кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл көлемі - 10 605 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 21 210 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 53 025 теңге көлемінде айыппұл төлейді», - деп көрсетілген. 2015 жылдың 28 қарашасында Ұлттық банк басшылығы 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналымнан біртіндеп алуды 2016 жылдың 3-ші қазанына дейін ұзартты. Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем жасау және Қазақстанның барлық аймағында банк операцияларын еш кедергісіз жүргізу құралы болып табылады. Кейін 12 ай ішінде – 2016 жылдың 4-ші қазанынан 2017 жылдың 3-ші қазанын қоса алғанда аталмыш ақшаларды кез келген екінші деңгейлі банкте айырбастауға болады. Осыдан кейін қалған барлық 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 3-ші қазанына дейін барлық Ұлттық банк бөлімдерінде қабылданатын болады. 2020 жылдың 4-ші қазанынан бастап банкноттар күші жойылады. Жоғарыда көрсетілген банкноттарды айырбастау комиссия төлемінсіз, тегін жүргізіледі.
Следующая →